Солтүстікқазақстандық кикбоксшылар Әлем кубогынан оралды

Солтүстікқазақстандық кикбоксшылар Әлем кубогынан оралды

Наурыздың 11-і күні жерлес кикбоксшыларды Петропавл қаласының теміржол вокзалынан СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мият Ерхан, туыстары, әріптестері және жас спортшылар қарсы алып, жеңісімен құттықтады. Мият Маратұлы жаттықтырушылар мен кикбоксшылардың еңбегін жоғары атап өтіп, нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты.

Италияда (Лидо-ди-Йезоло) наурыздың 5-і мен 9-ы аралығында кикбоксингтен өткен Әлем Кубогында солтүстікқазақстандықтар керемет нәтиже көрсетті. Аталған байрақты бәсекеге 46 елден 429 спортшы жиналды.

 Нұрсұлтан Жақыпов – Әлем Кубогының екі дүркін чемпионы (86 кг, фулл-контакт)

Аслан Асылбеков – Әлем Кубогының төрт дүркін чемпионы (60 кг, фулл-контакт)

Данияр Жарасов – күміс жүлдегер (57 кг, фулл-контакт)

Ибрагим Беков – қола жүлдегер (86 кг, фулл-контакт)

 

Бүгінде Нұрсұлтан Жақыпов пен Ибрагим Беков СҚО ПД аппаратында еңбек ете жүріп, спортта да жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Оларды әріптестері қолдауға келді. Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!