
Бүгін біз тарихи сәттің куәсі болдық-СҚО балуаны Нұрқожа Қайпанов Албанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын алды.
Финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біздің спортшы 22 жастағы жапондық балуан Йошиносукэ Аоягиді жеңді.
Нұрқожа еркін күрестен Қазақстанның екінші әлем чемпионы атанды. Алғашқы тарихи Алтынды Ризабек Айтмұхан (92 келі, ӘЧ-2023) жеңіп алды.