Петропавлда ерлер мен әйелдер, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында шахматтан облыс чемпионаты өтті. Жарыс 21-25 қараша аралығында өтті. Барлығы 52 адам қатысып, қатысушылардың жартысына жуығы облыстағы тоғыз ауданның өкілдері болды.
Ерлер арасында Арслан Ескендіров үшінші рет қатарынан жеңімпаз атанды. Олег Убыкин 2 орынды иеленсе, Евгений Лисовик 3 орын алды. Олардың барлығы облыс орталығынан.
Әйелдер арасында Ғабит Мүсірепов ауданынан келген Нұргүл Сәуленбекова 1 орынды иеленді. 2 орын Линура Татьянаға, 3 орын Ғабдулина Айманға бұйырды. Олар Тайыншын ауданының өкілдері
Кирилл Балаев ұлдар арасында көш бастаса. Чемпионаттың «Күмісі» Арсений Руженскийге бұйырды, Сергей Костин 3-ші орынға ие болды. Олардың барлығы қала мектептерінің оқушылары.
Қыздар арасында София Новикова чемпион атанса, Анар Темірғалиева 2 орынды иеленді. Олар да Петропавл қаласындағы мектептердің оқушылары. 3 орынды Тайыншын ауданынан Титова Мария иеленді Жарыс достық шығармашылық атмосферада өтті.