Ербол Хамитов Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Ербол Хамитов Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

АҚШта өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңінде солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов 12,5 км-ді 42 минут, 17 секундта бағындырып, жарыс жолындағы 4 шеңбердің барлығында мүлтсіз насынаға оқ тигізіп күміс жүлдеге ие болды.

Жарыста украиндық спортшы Тарас Рад қашықтықты 41 минут 21 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды. Үшінші орынды да украиндық спортшы Василь Кравчук алды, оның көрсеткен нәтижесі 42.18.