Спорт саласының алқасы өтті

Спорт саласының алқасы өтті

3-ші наурыз күні облыс әкімдігінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің төрағалығымен 2022 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы өңіріміздің спорт саласы жұмысының басым бағыттарына арналған алқа өтті.

Алқаны ашқан Дәурен Жандарбекұлы, өткен жыл өңірдің спорт саласы үшін табысты болғанын атап өтті. Үш жыл ішінде саланың бюджеті 5,2 млрд. теңгеден 10,4 млрд. теңгеге дейін 2 есеге артты. Төрт жыл ішінде жалақы 2 есеге өсті. 3000-нан анастам бала ақылы жаттығудан тегін оқу-жаттығуға ауыстырылды. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 415,1 млн. теңге бөлінді. Биыл бұл сома 423,4 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бүгінде 5 пен 17 жас аралығындағы 46 мыңнан астам бала тегін спортпен қамтылған, бұл облыстың барлық балаларының 46% - құрайды. Барлық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде сабақтар тегін өткізіледі.

Одан әрі жоғары спорт шеберлігі мектебі басшысының орынбасары Елена Парфеноважоғары санатты спортшылардың алдағы жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтты.

Олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернат-колледжінің жұмысын ұйымдастыру туралы аталған оқу орнының басшысы Бақыт Арықбаев баяндады.

Қалалық балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс орталығының басшысы Идея Сейтмұхамбетовақалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының жұмыс қорытындысы мен 2023 жылға арналған даму жоспарына тоқталды.

Муай-тайдан облыстың аға жаттықтырушысы Иван Ван-Хон-Тун өз сөзінде аймақтағы муай-тайдың дамуы туралы айтты.

Жиында көтерілген мәселелерді қорытындылай келе, қорытынды сөзінде,

Дәурен Жандарбек жиналғандардың назарын негізгілеріне аударды. Бүгінде Айыртау, Жамбыл, Есіл, Ғ.Мүсірепов аудандарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Барлық аудан орталықтарының ішінде Мамлют ауданында ғана дене шынықтыру-сауықтыру кешені жоқ. Мамлют ауданының әкіміне бұл нысанның құрылысын шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды

2025 жылға қарай облыс тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен 50 пайызға қамтуға қол жеткізу қажет. Осыған байланысты аудандар және Петропавл қаласының әкімдеріне спортшылар санын көбейту және балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту жұмыстарын жандандыру тапсырылды, бұл жұмыстармен әрбір ауылдық округті қамту қажет.

Бүгінгі таңда облыс бойынша ауылдық жерлерде 218 спорт нұсқаушысы бар,ағымдағы жылы «Аманат»жол картасыбойыншабұл көрсеткішті 222 бірлікке жеткізу қажет. Аудан әкімдері барлық ауылдық округтерде штаттық бірліктерді енгізу жұмыстарын жүргізіп, 222 спорт нұсқаушысын жұмыспен қамтуы қажет.

Облыста 11 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы және білім беру желісі бойынша 25 аула клубы жұмыс істейді. Демек, былтыр 1 ДДБЖК, биыл тағы 1 ДДБЖК ашу міндеті тұрды. Білім басқармасына қаржы басқармасымен бірлесіп, аталған ұйымдарды ашуға қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру жөнінде тапсырма берілді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасына білім басқармасымен бірлесе отырып, спорт лагерін ашу үшін орынды анықтау мәселесін пысықтау тапсырылды.

Аула спорт алаңдарының басым бөлігі қолайсыз жағдайда, аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері баланс ұстаушыларын айқындай отырып, барлық спорт нысандарының мониторингін қамтамасыз етуі қажет.

Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. 2023 жыл– Олимпиадаға дайындалатын ерекше жыл, сондықтан спортшыларды Азия ойындарына қатысуға дайындауға және 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға ерекше жауапкершілікпен қарау керек.