Үздіктер қатарында

Үздіктер қатарында

Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем чемпионатында ел тарихындағы тұңғыш медальді жеңіп алды

Қаңтардың 17-29 аралығында Швецияның Эстерсунд қаласында пара шаңғы және пара биатлоннан Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Ербол Хамитов пара биатлоннан 7,5 км қашықтықта сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз екі ату рубежінде (0-1) бір рет мүлт кетіп, үшінші орынға табан тіреді. Бұл еліміз үшін тарихи жеңіс екенін атап өткен жөн.

Дүбірлі дода 29 қаңтарға дейін жалғасады. Жарыс жолына Герлиц Александр, Хамитов Ербол, Усольцев Сергей, Березин Юрий, Алимов Нурлан, Петренко Денис жане Зинов Денистер шығады.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!