Қайырымдылық қоры 20 балаға көмек көрсетті

Қайырымдылық қоры 20 балаға көмек көрсетті

Салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды спортқа тарту мен жас спортшыларды қолдау. Бұл – Қайсар Малғаждаров атындағы қайырымдылық қорының басты мақстаты. Он жыл бұрын ашылған қор көпбалалы отбасыдан шыққан, спортқа құмар ұл-қыздарға көмек көрсетеді.

Петропавлда спорт сарайында өткен дәстүрлі шараға көпбалалы отбасыдан шыққан 20 ұл-қыз бен Қайсар Малғаждаровтың достары жиналды. Оларға арналып шағын концерт ұйымдастырылды.

Кейін спортсүйер жастар 2 топқа бөлініп, бақтарын сынады.

Міне, шараның маңызды сәті де жетті. 20 балаға қордың атынан 30 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Жастардың барлығы спортқа жақын. Дені түрлі жарыстарға қатысқан. Жүлделі орындарға ие болғандары да бар. Солардың бірі – Айдана Исатаева. Жеткіншек шаңғы спортымен айналысады. Шараға бапкерім шақырды, мен үшін тосын сый болды дейді.

Қайсар Малғаждаровтың қарындасы әрі қайырымдылық қорының жетекшісі Бақытжан Сәмиеваның айтуынша, осындай акцияларды жылына 3 рет өткізіп тұруға тырысады екен.

Қайырымдылық шарадан кейін балалар сертификатпен өздеріне қажет спорттық құрал-жабдық сатып ала алады. Бақытжан Сәмиеваның айтуынша, бұндай шара мамыр айында тағы да ұйымдастырылмақ.