Спорттық акробатикадан халықаралық турнир өтті

Спорттық акробатикадан халықаралық турнир өтті

 Облыс орталығында жерлесіміз, Қазақ КСР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған жарыс өтті. Жастар арасында спорттық акробатикадан ұйымдастырылған 9-шы халықаралық турнир мәреге жетті. Жыл сайын өтетін додаға биыл еліміз бен Ресей және Өзбекстаннан 22 команда қатысып, өзара бақ сынады.

 Жерлесіміз Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған спорттық акробатикадан халықаралық турнир - дәстүрлі. Биыл аталмыш жарысқа қатысуға 22 команда ниет білдірген. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл дода 1970 жылдан бері өткізіліп келеді екен.

 Биылғы сайысқа қатысуға елімізден 8, Ресей елінен 12 және Өзбекстаннан 2 команда ниет білдірді. Олар үш күн бойы бірнеше санат бойынша өзара мықтыны анықтады. Осы додада топ жарып, өзін жақсы қырынан көрсете алған акробаттар ұлттық құрама сапына ілігеді.

 Жарыстың қорытындысы бойынша үздік спортшылар ұлттық құрама сапына алынып, 2024 жылы Израильде өтетін Әлем чемпионатына қатысады.