Жеңімпаздар анықталды

Жеңімпаздар анықталды

Төртінші және он бірінші қаңтар аралығында Петропавл қаласында 2006-07 ж.т. жасөспірімдер арасында волейболдан ҚР Чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы және Қазақстанның басқа қалаларынан он команда қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Жетісу командасы иеленсе. Түркістан облысының жас волейболшылары екінші орынға ие болды. Үшінші орын үшін таласта Алматылық волейболшыларды жеңген Астана командасы қола жүлдеге ие болды. Осы Чемпионатта Солтүстік Қазақстан командасы алтыншы нәтиже көрсетті.