Ауыл алаңынан – олимпиада тұғырына

Ауыл алаңынан – олимпиада тұғырына

Желтоқсанның алғашқы күндері Астанада ауылдық спортты дамытудың өзекті мәселелеріне арналған "Ауыл алаңынан – олимпиада тұғырына" атты форумы өтті.

1 желтоқсанда Қазақстан өңірлерінің спорт саласындағы жетістіктеріне, атапайтқанда, ауылдарда спортты дамытуға арналған көрме ұсынылды.

Көрмені бірінші болып ашу Солтүстік Қазақстан облысына бұйырды, осылайша басқа қонақтармен бірге, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев көрмемен танысуды біздің облысымыздың павильонынан бастауды жөн көрді.

Біздің экспонаттарға көптеген келушілер үлкен қызығушылықпен қарады. Басқа өңірлерден келген мамандар біздің спорттық кластерлерімізге қызығушылық танытты. Адамдардың көпшілігі Жанат Жақиянов пен Евгений Павловтың чемпиондық белбеулері бар витринаға тамсана қарады. «Қуаныш» волейбол клубының құрылу тарихына арналған экспозиция да көрме қонақтарының қызығушылығын тудырды. Көпшілігі біздің көрмелердің алдында селфи жасады.

Біз өз тарапымыздан облыс аудандарында спорттың қалай дамитыны туралы барынша толық ақпарат беруге тырыстық.