Жаңа спорт нысанына жаңа көлік

Жаңа спорт нысанына жаңа көлік

Соңғы жылдары облысымыздың аудандарында салынған осындай сегіз жаңа спорт нысанының қатарында Ақжар ауданы Талшық ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені де бар. Күні кеше жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев аудандарды аралап, ДСК көріп қайтты.

Ол спорт ұйымының жұмысымен танысып, ұжымның мамандарыменен және жас спортшылармен кездесіп, облыс басшылығының атынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жаңа жолаушылар шағын автобусының кілтін табыс етті.