Аты аңызға айналған тұлғалар

Аты аңызға айналған тұлғалар

Петропавлда қарттар айлығы аясында спорт ардагерлерімен қала және облыс спорт ұйымдарының ұжымдарымен кездесуі өтті. Дене шынықтыру және спорт басқармасы біздің көпмәртебелі ақсақалдарымыз үшін спорт объектілеріне экскурсия ұйымдастырып, жаттықтырушы-оқытушылар құрамымен және жас спортшылармен жылы сырласу болды.

Біздің құрметті ардагерлеріміз Бауыржан Ниязұлы Құлжанов ашқан спорт мұражайы мен спорттық даңқ аллеясы қонақтардың қызығушылығын тудырды. Облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымымен және оқушыларымен кездесу өте жылы өтті.

Ардагерлеріміздің көпшілігі – аты аңызға айналған тұлғалар, олар солтүстікқазақстандық спорттың бүгінгі тыныс-тіршілігіне қызығады, жанашырлық танытып, тәжірибелерімен бөліседі, жастарға ақыл-кеңес айтудан жалықпайды.