“Kuanysh” ел Кубогының күміс жүлдегері

“Kuanysh” ел Кубогының күміс жүлдегері

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы ел кубогының жеңімпазы анықталды. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валерий Елисеевті еске алуға арналған дүбірлі доданың ақтық матчы өтті. Бұл жолғы финалда тағы жергілікті “Kuanysh” пен өскемендік “Altay”-дың жолдары түйісті.

Бітіспес қарсыластардың әр матчына жанкүйер көп жиналады. Соңғы рет қос ұжым Семейде күш сынасты. Сонда “Kuanysh” қыздары жергілікті халықтың алдында “Altay”-ды ұтып, Азияның үздігі атанды. Кезекті финалды тамашалау үшін облыс әкімі Құмар Ақсақалов та келді. Қызу қолдауды сезінген аруларымыз барын салды. Дегенмен, алғашқы партияда ойлағандары жүзеге аспады. Қарсыластарымыз биік секірді, жылдам қимылдады, допты қайта-қайта алаңға түсірді.

Бірінші партияда қонақтардың асығы алшысынан түсті. Қос команда 15 те 25 есебімен тарқасты. Екінші кезеңде де дәл осындай есеп тіркелді.

Ал үшінші партияда “Kuanysh” қыздары қуантты. Аруларымыз қарсыластан 25 те 21 есебімен басым түсті. Өкінішке қарай, жергілікті ұжым есепті теңестіре алмады. Матч 3 те 1 есебімен аяқталды. “Altay” – чемпион. “Kuanysh” күмісті, ал талдықорғандық “Zhetysu” қоланы қанағат тұтты.

Солтүстікқазақстандықтарда есе қайтарар мүмкіндік бар. Қараша айында Петропавлда ел чемпионатының бірінші туры бастау алмақ.