Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасы

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасы

2022 жылғы 13-17 шілде аралығында Петропавл қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының спартакиадасы өтті. Спартакиада спорттың 7 түрі (шағын футбол, қазақ күресі, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, волейбол, бильярд) бойынша өтті, Қазақстан Республикасының 16 облысы мен қалаларының командалары қатысты, қатысушылар саны 600-ден астам. Бірінші орынды Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлерінен құрылған команда, екінші орынды Ақтөбе облысы және үшінші орынды Павлодар облысы иеленді.