Olympic day Петропавлда

Olympic day Петропавлда

Петропавлда олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қатысуымен дәстүрлi велошеру өттi. Велошеру олимпиада күнiне орайластырылған. Қатысушылар спорт сарайынан бастап облыс орталығының басты көшелерiмен жүрiп өттi.

Велошеруге қатысушыларды облыс әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады. Аты аңызға айналған велошабандоз Александр Винокуров та жерлестерiн  қолдау үшiн, марафонға қатысты.

Велошеруге Петропавлдың 200-ден астам тұрғыны қатысты. Олар облыс орталығының басты көшелерiмен жүрiп өттi. Жарыс соңында әр қатысушы естелiк сыйлық алды.