«Ақ бидай — 2022» жазғы спорттық мерекесi аясында

«Ақ бидай — 2022» жазғы спорттық мерекесi аясында

9-12 маусым аралығында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишим ауылында «Ақ бидай — 2022» жазғы спорттық мерекесi аясында жазғы Президенттiк көпсайыс бойынша облыстық жарыстар өттi, оған облыстың он үш ауданынан және Петропавл қаласынан 150 спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Ғ.Мүсiрепов ауданының спортшылары жарыстың көшбасшылары болып танылды. Екiншi орын Тайынша ауданының командасында. Қола медальдарды Тимирязев ауданының командасы жеңiп алды. Жарыс жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн құттықтаймыз!