Жаттықтырушыларды ыңталандыру мақсатында

Жаттықтырушыларды ыңталандыру мақсатында

2020 жылдан бастап Қазақстанда бiлiм беру саласының қызметкерлерiне, сондай-ақ спорт саласында жұмыс iстейтiн жаттықтырушы-оқытушыларға жалақы деңгейi көтерiлуде. Егер де осы жаттықтырушы-оқытушылар туралы айтатын болсақ, онда олардың жалақысы үш жыл iшiнде жылсайын 25 пайызға артып, бүгiнде өсiм 75 пайызды құрады. Бұл мақсаттарға қатысты бюджетiнде қосымша қаражат қарастырылды: 2020 жылы — 245 млн.теңге., 2021 жылы — 583 млн. тг. және 2022 жылы шамамен 887 млн.теңге. 2023 жылы жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы тағы 25 пайызға өседi және бюджеттен осы мақсаттарға қосымша 1 млрд. 284 млн. тенге бөлу жоспарлануда.

Анықтамалық: Солтүстiк Қазақстан облысында 27 БЖСМ және облыстық олимпиадалық резервтiң мектеп-интернат-колледжiнде жаттықтырушы–оқытушылардың жалпы 783 штаттық бiрлiгi бар. Олардың жалақысы өңiр бойынша орташа есеппен екi жүз мың теңгенi құрайды.