Фархад Қыстаубаев Сурдлимпиаданың алтын жүлдегерi атанды

Фархад Қыстаубаев Сурдлимпиаданың алтын жүлдегерi атанды

Сурдлимпиаданың он екiншi күнi қазақстандық жеңiл атлеттер онсайыс бойынша қорытынды шығарды.

Қазақ спортшысы Фархад Қыстаубаев онсайыста 5400 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Бiр қызығы, онсайыстың барлық түрлерi бойынша спортшы жетекшi орындарға ие болды.

Бұл 24-шi Сурдлимпиададағы Фархадтың екiншi медалi. Бұған дейiн ол 110 метрге кедергiлермен жүгiруде қола медаль жеңiп алған. "Жаттығуымыз өз деңгейiнде өттi деп сенiммен айта аламыз. Шәкiртiңнiң чемпион болғанын көру, сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес эмоция. Көңiлiмдi мақтаныш сезiмi бойлады, жақсы өнер көрсеткенiмiзге қуаныштымын. Спорттық iс -шара жоғары деңгейде өттi. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Тезiрек үйге, өз туған жерiмiзге барғымыз келедi. Туған жердiң ауасымен тыныстап, елiмiздiң тағамын сағындық. Аз-маз демалып алып, жаңа жарыстарға дайындаламыз", — дедi Фархадтың жаттықтырушысы Станислав Воленвейдер.