Спортшыларымызға Олимпиадада жеңiс пен сәттiлiк тiлеймiз!

Спортшыларымызға Олимпиадада жеңiс пен сәттiлiк тiлеймiз!

Бейжiңде өтетiн қысқы Олимпиадаға санаулы күндер қалды. Солтүстiкқазақстандық спортшылар да төртжылдықтың негiзгi жарысына қатысуға дайындалуда. Коньки тебушi Иван Аржанников 500 және 1000 м қашықтықта жүлде үшiн сынға түседi.

Қысқы Паралимпиадаға Қазақстаннан 4 спортшы қатыспақ, оның үшеуi солтүстiкқазақстандық. Олар — Александр Герлиц, Ербол Хамитов және Сергей Усольцев. Параатлеттерiмiз Мемлекет басшысымен кездесуге қатысты. Айтпақшы, Александр Герлиц — Қазақстан паралимпиада құрамасының капитаны әрi елдiң басты үмiтi. Александр елiмiздiң Туын Президенттiң қолынан алды. Спортшыларымызға Олимпиадада жеңiс пен сәттiлiк тiлеймiз!