Солтүстiкқазақстандық Иван Аржаников Бейжiңде өнер көрсетедi

Солтүстiкқазақстандық Иван Аржаников Бейжiңде өнер көрсетедi

Қазақстан ұлттық коньки тебушiлер федерациясының ақпараты бойынша алдағы Бейжiңде өтетiн қысқы Олимпиада ойындарында 500 және 1000 метр қашықтықта коньки тебу спорты бойынша ел құрамасының құрамында солтүстiкқазақстандық Иван Аржаников өнер көрсетедi.

Ол 27 жаста. Петропавл қаласының тумасы. М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң дене шынықтыру факультетiн бiтiрдi.

Коньки тебу спортынан халықаралық дәрежедегi спорт шеберi. Ерлер арасындаконьки тебу спортынан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының негiзгi мүшесi, ҚР чемпионаттары мен Кубогiнiң жүлдегерi.

Жерлесiмiздi қолдай келе, оның Бейжiңдегi қысқы Олимпиада ойындарында олимпиадалық медальдар үшiн күресте лайықты өнер көрсетедi деп үмiттенемiз.