Некролог

Некролог

27 желтоқсан 72 жасында Спортқа еңбегi сiңген қайраткер, ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi Даиров Амангелдi Алтайұлы кенеттен қайтыс болды.

Ол 1950 жылы 25 тамыз Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев қаласында туған. 1971 жылы Петропавл мемлекеттiк педагогикалық институтының дене тәрбиесi факультетiн аяқтап, еңбек жолын Солтүстiк Қазақстан облысы Қарақоға орта мектебiнде дене шынықтыру мұғалiмi ретiнде бастады. 1981 жылдан бастап үш жыл бойы «Спартак» ЕСҚ оқу-спорт бөлiмiнiң меңгерушiсi болды.

Бiрнеше жыл бойы облыстық «Спартак» ЕСҚ кеңесiнiң және облыстық кәсiподақтар ЕДШСҚ кеңесiнiң төрағасы қызметiн атқарды. 1994-2009 жылдары СҚО бiлiм беру жүйесiнiң дене тәрбиесi және спорт басқармасының, СҚО туризм және спорт басқармасының, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының жұмысын басқарды. 2009-2015 жылдары «Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған Солтүстiк Қазақстан облыстық мектеп-интернаты» КММ директор лауазымында жұмыс жасады.

Көп жылғы мiнсiз, адал еңбегi мен бiлiм беру мен спорт саласын дамытуға қосқан үлесi үшiн «Спорт және ДШ дамуына қосқан үлесi үшiн» Құрмет белгiсiмен, «ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi» белгiсiмен, «ҚР спортқа еңбек сiңiрген қайраткерi» Құрмет белгiсiмен марапатталды.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы Амангелдi Алтайұлы Даировтың қайтыс болуына байланысты қайғырады және марқұмның туыстары мен жақындарына көңiл айтады.