Солтүстiктiң қысы

Солтүстiктiң қысы

Солтүстiктiң тұрғындары үшiн қыс — бұл суық мезгiлмен байланысты қиындықтар ғана емес, сонымен қатар спорттық демалыс пен бос уақытты белсендi өткiзудiң тамаша мүмкiндiгi.

Осыған байланысты Петропавлда қажеттi жағдайлар жасалуда. Мысалы, Александр Винокуров Спорт сарайында мұз аренасы қала тұрғындарының жаппай сырғанауына аптасына кемiнде үш күн қолжетiмдi. Мұз аренасында конькидi жалға алуға болады. «Қарасай» стадионында да ашық аспан астында мұз айдыны құйылып, конькидi жалға беру пунктi жұмыс iстейдi. Шаңғы тебудi ұнататындар үшiн Борки кентiнде шаңғы-роллер трассасы бар. Бұл жерде де жалға беру пункттерi бар. Қала тұрғындарының тағы бiр сүйiктi демалыс орны — Жеңiс саябағы жанындағы Есiл өзенiндегi «Петро-горки» шаңғы базасы. Тимирязев, Саумалкөл, Мамлютка, Новоишим, Кiшкенекөл және облыстың басқа аудандарында жабық және ашық хоккей корттары халықтың белсендi демалысы үшiн қолжетiмдi.