16 желтоқсанда Петропавлда халықаралық дәрежедегi спорт шеберi Азамат Нүрпейiсовтi еске алуға арналған кикбоксингтен «Қызылжар» ХХI дәстүрлi турнирi аясында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Сондай-ақ, биылғы жылы дәстүрлi турнир ҚР Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналды.
Бiрiншi күнi рингке фулл-контакт (ережесiз айқас) санатындағы 11 жұп шықты және К-1 санатында 17 жұп күш сынасты. Бұл Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Түркiстан, Қаорағанды, Жамбыл, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының ең мықты 56 кикбоксшылары.
Жарыс төрт күнге созылды және финалдық жекпе-жек 19 желтоқсанда өттi.
Жалпыкомандалық есепте Солтүстiк Қазақстан облысының құрамасы бiрiншi орынға ие болды. Екiншi орын Нұр-Сұлтан қаласының командасында. Қызылорда облысының командасы үздiк үштiктi қорытындылады.