Мықтылар анықталды

Мықтылар анықталды

23-26 қараша аралығында Петропавл қаласының А. Винокуров Спорт сарайының мұз айдынында ҚР Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Солтүстiк-2020» қысқы спорттық мерекесi аясында ринг-бенди (допты хоккей) бойынша жарыстар өттi.

Өткен жылдың ақпан айында 13 аудандық командадан ең мықтылар анықталуы керек едi, бiрақ коронавирусқа қатысты шектеулерге байланысты хоккейшiлер арасындағы жарыстар кейiнге ауыстырылды.

Хоккей жарысының финалдық бөлiгiнде үшiншi орынға Аққайың және Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандардың командалары таласты. Мүсiрепов ауданының командасы кездесудiң алғашқы секундтарынан бастап ойынды бақылауға алып, жиi гол соғып, нәтижесiнде жарыстың қола медалiн жеңiп алды. Финалдық ойында «алтын» үшiн сәттiлiк Тайынша ауданының командасы жағында болды, нәтижесiнде күмiс жүлденi Есiл ауданының хоккейшiлерi жеңiп алды, ал Тайынша ауданының командасы бiрiншi орынды иелендi.