Шахматтан облыстық чемпионат өттi

Шахматтан облыстық чемпионат өттi

Қарашаның 23-26 аралығында Петропавлда шахматтан облыстық чемпионат өттi, Сайыс Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 30-жылдығына арналған, Оған ересек адамдар мен жасөспiрiмдер қатысты.

Турнирдiң талабы бойынша, әр ойыншы 7 партия ойнауы керек. Ұпай санын ең көп жинаған спортшы жеңiмпаз атанады. Облыстық чемпионатқа 30 ер адам, 5 әйел мен 40 жасөспiрiм қатысып, бақ сынады. Зияткерлiк ойында қарсыластарын жеңiп, үздiк атанған жерлестерiмiз өңiр намысын республикалық сайыста қорғайды.

Арслан Ескендiров ерлер арасында жеңiмпаз атанды. Екiншi орында ОлегУбыкин, Владимир Клячин үшiншi.

Айнагүл Ташенова әйелдер арасында чемпион атанды, екiншi орында Галина Кроликовская. Ботагоз Махметова үшiншi.

Жасөспiрiмдер арасында Абдрахман Шайхиден жеңiмпаз атанды. Диас Данияров екiншi, Кирилл Балаев үшiншi.

Қыздарда Аружан Оразгали чемпион атанды. Софья Новикова екiншi, Айнұр Зарлық үшiншi орында.