Қуаныш — үздiк үштiкте

Қуаныш — үздiк үштiкте

11-19-шi қараша аралығында Петропавлда волейболдан қыздар командалары арасындағы ел бiрiншiлiгi өз жалауын желбiреттi. Ұлттық лиганың алғашқы турында «Қуаныш» клубы тоғыз ойын өткiзiп, төртеуiнде жеңiске жеттi.

Жерлестерiмiз чемпионаттың бiрiншi кездесуiнде Семей қаласынан келген «Алтай-2» командасынан 3:0 есебiмен басым түстi. Келесi екi ойында солтүстiкқазақстандық волейболшылардың жолы болмады. Алдымен өскемендiк «Алтайға» есе жiберсе, кейiн «Жетiсу» клубына жеңiлдi. Осыдан кейiн қызылжарлық арулар өзге қарсыластарына дес бермедi, алдымен алматылықтарды, содан соң «Қарағанды» командасының алдын орады.

«Қуаныш» волейболшылары турнир кестесiнде 11 ұпаймен 3-шi орында келе жатыр. Көш басында — өскемендiк «Алтай».