Сауран Әлем Кубогiнiң жеңiмпазы

Сауран Әлем Кубогiнiң жеңiмпазы

Осы күндерi бiздiң жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң тәрбиеленушiсi Сауран Арапбай мен оның тәлiмгерi ҚР Еңбек сiңiрген спорт шеберi Мирас Бiрiмжановбiзден құттықтауларқабылдауда.

11-13 қараша аралығында Мәскеу қаласында қоян-қолтық ұрысынан Әлем Кубогi өттi. Осы Әлем кубогiне әлемнiң 30 елiнен 300-ден астам спортшы қатысты. 65 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiндегi жарыстың финалына бiздiң спорт шеберлiгi мектебiнiң тәрбиеленушiсi, Ұлттық ұлан әскери институтының 4 курс курсанты Сауран Арапбай шықты. Ол халықаралық дәрежедегi спорт шеберi нормативiн орындап, қоян-қолтық ұрысынан Әлем Кубогiнiң чемпионы атанды.

Бiз спортшымыз бен оның жаттықтырушысы үшiн қуаныштымыз! Әрине, бұл Сауранның үлкен жеңiстерiнiң бастамасы ғана деп үмiттенемiз. Бiз одан жаңа жетiстiктер күтемiз. Дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан спортшы мен оның жаттықтырушысына үлкен жарыстарға дайындалуда жан-жақты қолдау көрсетудi әлi де жалғастыратын болады.