Петропавл қаласының Александр Винокуров спорт сарайында 5-6 қараша аралығында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жаңаберген Қармандаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ашық облыстық турнирі өтті.
- Біз сіздерді қонақжай, көптеген атақты спортшылар мен жаттықтырушылардың отаны - Солтүстік Қазақстан облысының жерінде қошеметпен қарсы алуға қуаныштымыз, деп хабарлады,турнир қонақтары мен қатысушыларын қарсы ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы.
Жаңаберген Қармандаевшынымен де дарынды спортшы және жаттықтырушы болған. Ол үлкен еңбекқорлығымен, жоғары моральдық және зияткерлік қасиеттерімен ерекшеленді. Ол біздің облыстың Мамлют ауданы Ленин ауылының тумасы еді. Мектеп қабырғасынан бастап спортта жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Облыс құрамасы үшін өнер көрсетті. Республикалық сияқты, халықаралық жарыстарда да табыс өнер көрсетті. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқуын аяқтағаннан кейін, көп жылдар бойы туған ауылында, содан кейін Петропавл қаласында жаттықтырушы-оқытушы болды. 2002 жылдан бастап Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінің спорт ғимараттыры бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. ҚР Ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы болды, 2013 жылға дейін республикалық күрес федерациясының бас хатшысы қызметін атқарды.
Төрт жыл бұрын 52 жасында ол кенеттен қайтыс болды.
Турнирдің құрметті қонақтары генерал-лейтенант, Алматы облысының құрметті азаматы Амангелді Шабдарбаев, «Буревестник» волейбол клубының президенті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Азия күрес федерациясының президенті, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрлан Абдуллин, сондай-ақ Жаңаберген Сүлейменұлының үлкен ағасы Абай Қармандаев, ол жиналғандар алдында сөз сөйлеп, мезгілсіз қайтыс болған спортшы мен жаттықтырушының тамаша адами қасиеттерін атап өтті. Жаңаберген Сүлейменұлы барлық күрес түрлерінің дамуына баға жетпес үлес қосты. Солтүстік Қазақстан жерінде оның ісін шәкірттері – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сералы Құсайынов, Нұрлан Қасмақасов жалғастырып келеді, туған өңірінде Нұрлан Қасмақасов жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Жаңа жүздеген бозабалалар мен жасөспірімдер болашақта өздерінің спорттық жетістіктерімен туған өлкесін таныту үшін күрес залдарына баруда. Жаңаберген Қармандаев сияқты керемет, дарынды және еңбекқор адамды және оның бүкіл саналы өмірі арналған ісі ешқашан ұмытылмайды.
Жаңаберген Қармандаевты еске алу турниріне Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан 134 жас грек-рим күресінен палуандар қатысты.
Осы жарыстың жеңімпаздары: Жарас Советов (41 кг., Ақтөбе), Сұңқар Зарап (45 кг., СҚО), Юсиф Алиев (48 кг., СҚО), Рауан Бекимов (51 кг., СҚО), Нариман Бекимов (55 кг., СҚО), Алихан Дурсунов (60 кг., Қостанай), Даниал Сартаев (65 кг., СҚО), Рамзан Карибаев (71 кг., Қостанай), Санжар Сәбитов (80 кг., Қостанай), Дархан Қабылбеков (92 кг., СҚО) құрметті қонақтардың қолынан алтын медальдар, дипломдар мен арнайы белдіктерге ие болды.