«Қызылжар» футбол клубы маусымды тамаша өткiздi

«Қызылжар» футбол клубы маусымды тамаша өткiздi

30-шы казан «Қызылжар» клубының ойыншылары өз алаңында маусымның сонғы ойынын откiздi.

Чемпионат басталғанда бiздiң ойыншыларды аутсайдер ретiнде қабылдады. Бiрақ бiздiң жiгiттер маусым бойы мiнез бен сенiмдi ойын көрсеттi. Осы жолы «қызылжарлықтар» соңғы минутқа дейiн күресiп, «Ордабасыны» жеңдi.

«Қызылжар» 4-шi орын алды. Команда 2001 жылдан берi бұлай жоғары көтерiлген емес. 20 жыл! Бiздiң клуб жүлделi орынға ие болмаса да, еурокубокқа қатысуға мүмкiндiгi жоғары. Қаламыз алғаш рет УЕФА аясындағы Конференция лигасын қабылдай алады. Бiз стадионда жаңғырту жұмыстарын жүргiзiп, еуропалық стандарттарға сай етемiз. Жiгiттер, маусым үшiн мың алғыс! Қызылжар, алға!