Тәуелсiздiк мерейтойына арналады

Тәуелсiздiк мерейтойына арналады

Борки кентiнде 2 қазанда бiрнеше жүз әуесқой жүгiрушiлердiң қатысуымен өткiзiлген күзгi жеңiл атлетикалық кросс Республика Тәуелсiздiгiнiң мерейтойына арналды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметi хабарлағандай, олимпиадалық резервтi даярлау орталығының шаңғы-роллерлiк аумағында өткен спорт және денсаулық мерекесiне әр түрлi жастағы адамдар, ақ шашты ақсақалдармен қатар, жас қала тұрғындары қатысты. Қаланың кейбiр кәсiпорындары мен ұйымдары аталған жарысқатұтас еңбек ұжымдарымен келдi. Осы iс-шара кәсiби спортшыларды да, жүгiру хоббиi бар адамдарды да бiрiктiре алды. Старттар әртүрлi қашықтықтарға, ерлер мен әйелдер үшiн жеке жас топтарын ескере отырып өткiзiлдi. Спорт және денсаулық мерекесiн ашқан Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ғани Нығыметов осындай бұқаралық спорттық iс-шаралар өңiрге танымал игi дәстүрлердiң ажырамас бiр бөлiгi екенiн атап өттi. Облыс еңбек ұжымдарының, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлер мен БАҚ қызметкерлерi арасындағы спартакиадалар, «Ақ бидай» жазғы спорттық мерекесi, қысқы «Солтүстiк», ұлттық спорт түрлерiнiң фестивалi — бұл өңiрiмiздiң спорт күнтiзбесiнде солтүстiкқазақстандықтарға ұнаған оқиғалар мен күтiлетiн оқиғалардың бiр бөлiгi ғана. Облыс халқының үштен бiрiнен көбi бұқаралық спорт түрлерiмен тұрақты түрде айналысады жәнеосы топқа адамдарды одан да көбiрек тарту үшiн облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар аудандарда да жаңа стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi, жабық хоккей корттары және басқа да спорттық нысандар салынуды.

Ерлер мен әйелдер арасындағы әр жас тобындағы жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етiлдi. Ал, күзгi қашықтықты жүгiрiп өткен барлық адамдар жақсы көңiл-күйге ие болды.