Спорт сүйер қауымының назарына!

Спорт сүйер қауымының назарына!

Борки кентінде Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған жеңіл атлетикалық кроссы өтеді.

2021 жылғы 2 қазанда Борки кентінде «Алтын күз» жеңіл атлетикалық кросс өткізіледі (шаңғы роллерлік трасса), 11.00-ден бастап старттық нөмерлер берілерді. Кросс сағат 12.00-де басталады.

Жарыс бағдарламасы 3 км және 5 км қашықтыққа жүгіруден тұрады.

Сынақ жас топтары бойынша ерлер мен әйелдер арасында жеке жүргізіледі:

18-39 жас (ер. 5 км; әйел. 3 км)

40-49 жас (ер. 5 км; әйел. 3 км)

50-59 жас (ер. 5 км; әйел. 3 км)

60 және одан жоғары жастағы топ (ер. 5 км; әйел. 3 км)

Алдын ала тіркелу +77074618017 нөмері бойынша WhatsApp арқылы 2021 жылғы 28 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Дәрігер куәландырған өтінімдер старттық нөмірлерді беру кезінде ұсынылады.

Ұйымдастыру комитеті