«АҚ БИДАЙ-2021» — қорытындысы

«АҚ БИДАЙ-2021» — қорытындысы

«Ақ бидай-2021» облыстық жазғы спорттық мерекесiнiң екiншi кезеңi жазда Айыртау ауданында өткiзiлуi тиiс болатын. Бiздiң облыс коронавирусқа қатысты қызыл аймақта болуына байланысты барлық жоспарлар бұзылды. Бiрақ, осыған қарамастан ойындар 16-17 қыркүйек аралығында ауданда емес, облыс орталығында өттi. Бұл жолы облыстың он үш ауданының командалары велоспорт, еркiн күрес, бокс, ату, үстел теннисi, шахмат және дойбыдан жарысты.

Бұған дейiн бiрiншi кезең 1-3 шiлде аралығында Петропавлда өткiзiлген болатын, осы кезеңде жеңiл атлетика, гiр спорты, ауыр атлетика, волейбол, баскетбол және футболдағы көшбасшылар анықталды. Жалпыкомандалық есеп бойынша Айыртау ауданының жеңiлатлеттерi 1-шi орынды (861 ұпай) иелендi, одан кейiн қызылжарлықтар (715 ұпай) және Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның спортшылары үздiк үштiгiн (667,5 ұпай) тұйықтайды.

Гiр көтеру жарысында Қызылжар ауданының мықтыларына тең келер ешкiм болған жоқ, Шал ақын ауданының спортшылары да жүлдегерлер қатарына кiрдi, ал қола медальдарды Мамлют ауданының спортшылары иелендi. Ауыратлеттер арасында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның спортшылары көш бастаса, Аққайың ауданының спортшылары күмiс иелендi, ал Тимирязев ауданының спортшылары үшiншi орында.

Футболда өз қарсыластары Айыртау ауданының командасынан басым түскен Уәлиханов ауданының командасы қола медальға ие болды, Қызылжар ауданының спортшылары қола медальды иелендi.

Тайынша ауданының әйелдер баскетбол командасы алтын медаль жеңiп алды, Құрмет пъедесталында Шал ақын ауданының спортшылары екiншi, Қызылжар ауданының баскетболшылары да жүлдегерлер үштiгiнде болды. Ерлер командаларының iшiнен спорттың осы түрiнен Мүсiрепов ауданының спортшылары көш бастады, одан кейiн Уәлиханов ауданының командасы және Тимирязев ауданының спортшылары ең мықты баскетболшыларының үштiгiн тұйықтайды.

Қызылжар ауданының волейболшылары өз көшбасшылығын тағы да дәлелдей алды. Финалдық кездесуде олар Тимирязев ауданының қарсыластарын жеңдi. Мағжан Жұмабаев ауданының командасы қола медальға ие болды. Ерлер арасындағы финалдық ойында жамбылдықтар Мағжан Жұмабаев атындағы ауданнан мықтырақ болды , ал «қола» медальды Ақжар ауданының командасы иелендi .

Екiншi кезеңде балуандар арасында ақжарлықтар мықтырақ болса, екiншi орында Тайынша ауданы, ал жүлдегерлер үштiгiн қызылжарлықтар тұйықтады.

Велоспорттан айыртаулықтар көш бастады, Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның велокомандасы екiншi орында, ал «қола» медальды Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан иелендi.

Үстел теннисiнде бiрiншiлiк жүлдесiн қызылжарлықтар жеңiп алды, одан кейiн Ғабит Мүсiрепов пен Мағжан Жұмабаев атындағы аудандар.

Тайынша ауданының шахматшылары ойын жеңiмпазы атанды, сондай-ақ Айыртау және Мамлют аудандарының спортшылары жүлделi орындарға ие болды.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның командасы дойбыдан бiрiншi орынды, Уәлиханов ауданы «күмiс», ал Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның командасы үшiншi орынды иелендi.

Тимирязев ауданының спортшылары ату бойынша жарыста көш бастаса, Тайынша ауданы екiншi орында, ал жүлдегерлер қатарында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның командасы бар.

Қызылжар боксшылары ойын жеңiмпазы атанды, одан кейiн Тайынша мен Мүсiрепов атындағы аудан.

Спорттың барлық түрлерiнiң қорытындысы бойынша «Ақ бидай 2021» бас кубок пен 300 мың теңге ақшалай жүлденi қызылжарлықтар жеңiп алды. Екiншi орында Мағжан Жұмабаев атындағы аудан 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Тайынша ауданының спортшылары үшiншi орын мен 100 мың теңге ақшалай жүлденi жеңiп алды.

Келесi жылы «Ақ бидай 2022» жазғы спорттық мерекесi Ақжар ауданында өтедi.