Жас велошабандоздар сайысы

Жас велошабандоздар сайысы

Петропавлда спорт шебері Алексей Мартыновичті еске алуға арналған 2007-2008 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында дәстүрлі республикалық көпкүндік веложарыс аяқталды. Жарыс 17-21 тамыз аралығында өткізіліп, оған Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Саран, Орал, Петропавлдан 7 команда қатысты. Алпыстан астам жас велошабандоздар тамыздың аптап ыстығында Солтүстік Қазақстанның тас жолында өз күштерін сынап көрді.

Веложүгірудің төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Давид Райт  (Нұр-Сұлтан қаласының командасы - 1), екінші орында Роман Балясов (СҚО - 1), үшінші орында Мансұр Ирғали (СҚО - 1) жеңімпаз болып танылды.

Командалық есепте «СҚО - 1» команда көшбасшысы болды,  екінші орында «Нұр-Сұлтан – 1» командасының жас велошабандоздары, ал жүлдегерлердің үштігін қарағандылықтар жапты.