Кәсіби мереке қарсаңында

Кәсіби мереке қарсаңында

Биыл Қазақстанда Спорт күні 15 тамызда атап өтілді. Мереке қарсаңында Петропавлда саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосқан спортшыларды, жаттықтырушыларды және спорт саласының басқа да қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов кәсіби мерекемен құттықтады.

-Спорттық іс-шаралардың отбасылық дәстүрге және спорт сүйер қауымның бос уақытты тиімді өткізу шарасына айналғаны қуантады. Веложарыстар, жеңіл атлетикалық жүгіру, үй тренажерларында жұмыс істеу – осының барлығы біздің көптеген тұрғындардың жақсы дағдысы болып қалыптасты. Ол үшін біз бұқаралық спортты және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргіземіз, спортты барлығына қолжетімді етеміз. – деді облыс акімінің орынбасары.

Кәсіби мереке қарсаңында ондаған спорт өкілі Солтүстік қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгілерімен, медальдарымен марапатталды. Кәсіби мереке қарсаңында спорт саласының 20-дан астам өкілі түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.