Құрметті ата-аналар және спорт саласындағы кіші және орта бизнес өкілдері!

Құрметті ата-аналар және спорт саласындағы кіші және орта бизнес өкілдері!

Құрметті ата-аналар және спорт саласындағы кіші және орта бизнес өкілдері!

2021 жылғы 1 мамырдан бастап мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес анықтайтын, балалар мен жасөспірімдер үшін спорт саласындағы мемлекет қаржыландырудағы көрсетілетін қызметтер көлеміне мемлекеттік спорттық тапсырыс  іске асырылады.

МЕМЛЕКЕТТІК СПОРТТЫҚ ТАПСЫРЫС - – мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес анықтайтын және өнім берушілерде олардың меншік нысандарына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекет қаржыландырудағы көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс).

ӨНІМ БЕРУШІ – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

         ОПЕРАТОР – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру рәсімін әкімшілендіруді орындауға уәкілетті оның құрылымдық бөлімшесі.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес, спорт секцияларын қаржыландыру спорттың 71 түрі бойынша жүргізіледі, баланың заңды өкілі https://artsport.edu.kz  электрондық порталында міндетті тіркеуден өтіп, спорт түрін таңдап және өнім берушімен шарт жасау үшін ваучер алуы тиіс.

Өнім берушілерге де  https://artsport.edu.kz электрондық порталында  міндетті тіркеуден өту қажет.

Барлық сұрақтар бойынша  8-715 2 36-05-75 телефоны арқылы хабарласуға болады.
ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес түзетулер мен өзгерістер болуы мүмкін.