«Надежда» облыстық спартакиада өттi

«Надежда» облыстық спартакиада өттi

2021 жылғы 18-20 маусым аралығында Петропавл қ. дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған «Надежда» облыстық спартакиада өттi.

Жарыс тiрек — қимыл аппаратының, сонымен қатар көру және есту мүшелерi бұзылған адамдар арасында спорттың сегiз түрiнен қол күресiнен, пауэрлифтингтен, шахматтан, дойбыдан, тоғыз-құмалақтан, мүгедектер арбасындағы жарыстан, үстел теннисiнен, жеңiл атлетикадан өттi.

«Надежда» спартакиадасына облыстың 13 ауданынан және Петропавл қаласынан дене мүмкiндiгi шектеулi спортшылар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 365 адам. Спорт түрлерiнен жарыстар келесi объектiлерде өттi: «Қарасай» стадионы, «Барыс» шахмат-дойбы клубы және Петропавл қаласының Қазақ соқырлар қоғамының филиалы.

Спартакиаданың жеңiмпазы Тайынша ауданы, екiншi орын Ғ.Мүсiрепов ат. аудан және үшiншi орынды Қызылжар ауданы иелендi. Жалпыкомандалық есепте жеңiмпаз және жүлдегерлер ауыспалы кубоктармен, ал спортшылар тиiстi дәрежедегi медальдар мен дипломдармен марапатталды.