17 алтын медаль иелендi

17 алтын медаль иелендi

Солтүстiк Қазақстан спортшылары гiр спортынан Азия чемпионатында 15 алтын медаль жеңiп алды. Қазақстан құрамасы командалық есепте 1 орын алып, дайындықтың жоғары деңгейiн көрсете бiлдi. 

Азия чемпионатына гiр спортының ардагерлерi де, жастар құрамалары да атсалысты. Солтүстiк Қазақстан өңiрiнiң намысын 25 спортшы қорғады. Олар барлық жаттығуларда шеберлiктерiн көрсеттi.

Спортшылардың барлығы Қазақстан чемпионаттарында iрiктеуден өткен және халықаралық жарыстарға қатысу құқығына лицензия алған түрлi спорт мектептерiнiң тәрбиеленушiлерi. Азия чемпионаты бiздiң елiмiзде алғаш рет өткiзiлдi, сондықтан қатысушылардың басым бөлiгi Қазақстанның құрама командалары болды. Республикамыздан 120 қатысушы барды.

Азия чемпионаты 27-шi-30-шы сәуiр аралығында Ташкентте өттi. Тартысты додаға 200-ге жуық адам қатысты. солтүстiкқазақстандықтар ел қоржынына 17 алтын медаль салды. Үздiк нәтиже көрсеткендердiң бiрi — Артем Головин 32 келi гiрдi 143 рет көтерiп рекорд орнатты. Қазiр спортшылар Щучинск қаласында өтетiн Қазақстан чемпионатына дайындық үстiнде.