Тәуелсiздiк мерейтойына орай

Тәуелсiздiк мерейтойына орай

Бұл күндерi Петропавлда ҚР Тәуелсiздiгiнiң отыз жылдығына арналған көркем гимнастикадан Солтүстiк Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтуде.

Екi жүз жас гимнасттар гимнастикадан БЖСМ, «Олимп» БЖСМ, облыстық олимпиадалық резервiнiң спорт мектеп-интернат-колледжi және Бескөл ауылының командаларының атынан өнер көрсетедi.

Көркем гимнастика жыл сайын бiздiң аймақта танымал болып келедi. Ең әсем спорт түрлерiнiң бiрi ретiндегi облыстың бес мектебiнде болашақ спорт шеберлерiн дайындайды.

Бiздiң өңiрде көркем гимнастикадан облыстық турнир жыл сайын өткiзiлiп келедi. Осы облыстық турнирге жаңадан келген гимнасттар да, спорттық дәрежелерi барлар да қатыса алады. Турнир жүлдегерлерi грамоталармен және медальдармен марапатталады, ал үздiк спортшылар 16-22 мамыр аралығында Шымкентте өтетiн республикалық чемпионатта бiздiң аймақтың намысын қорғауға аттанады.