Екi дүркiн Азия чемпионын қошеметтеу

Екi дүркiн Азия чемпионын қошеметтеу

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов еркiн күрестен екi дүркiн Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановпен кездестi.

Балуан Солтүстiк Қазақстан облысында жеңiстерден бастап, әлемдiк спорт аренасында жоғары жетiстiктерге қол жеткiздi. Өзiнiң жеңiстерiмен Нұрқожа Қайпанов бүкiл Қазақстанды ғана емес, өзiнiң кiшi Отанын да асқақтатты. Бүгiн спортсменге облыс әкiмдiгiнде салтанатты түрде қошамет көрсетiлдi. Айта кету керек, Нұрқожа Қайпанов — аймақ тарихында «Азия алтынын» екi рет жеңiп алған алғашқы спортшы.