Нұрқожа — екi дүркiн Азия чемпионы!

Нұрқожа — екi дүркiн Азия чемпионы!

Солтүстiкқазақстандық Нұрқожа Қайпанов Алматыда күрес түрлерiнен өткен Азия чемпионатында топ жарды.

74 килограмға дейiнгi салмақта белдескен ол ширек финалда қырғызстандық Мансур Сырғақ Уулын 9:0 есебiмен жеңсе, жартылай финалда Моңғолия өкiлi Сумиябазар Занданбудтан 4:2 есебiмен басым түстi. Ал финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесiп, 6:2 есебiмен жеңiске жеттi.

Жас спортшыны облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады.

— Ақтық белдесуде бiздiң жiгiт ирандық балуаннан айласын асырып, тамаша жеңiске қол жеткiздi.Тарихта бiрiншi рет солтүстiкқазақстандық балуан Азия бiрiншiлiгiн екi рет жеңiп алды. Осылайша, ол Азиядағы ең мықты балуан мәртебесiн растады. Нұрқожаның Токио Олимпиадасына баруға тамаша мүмкiндiгi бар. Оған спорттық жетiстiктер тiлейiк! — деп айтылған өңiр басшысының құттықтауында.