Ел Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған

Ел Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған

2021 жылдың 24-26 ақпан аралығында үш жас тобында 17 жасқа дейiн, 19 жасқа дейiн және 21 жасқа дейiн жасөспiрiмдер мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған онлайн режимiнде облыс чемпионаты өттi. Жарысқа Айыртау, Ақжар, Аққайың, Қызылжар, Тимирязев, Тайынша, Шал ақын аудандары бойынша 42 спортшы және Петропавл қаласының 2 командасы қатысты.

Өз кiшi топтарында чемпион атанғандар:

17 жасқа дейiнгi қыздар Катран Т. (Шал ақын ауданы),

17 жасқа дейiнгi ұлдар Ғаббас Е. (Петропавл қаласы),

19 жасқа дейiнгi қыздар Макуова Д. ( Аққайың ауданы),

19 жасқа дейiнгi ұлдар Елесов Э. (Петропавл қаласы),

21 жасқа дейiнгi қыздар Саурбаева Ж. (Аққайың ауданы),

21 жасқа дейiнгi ұлдар Молчанов М. (Петропавл қаласы).