Вадим Шакшакбаев

Вадим Шакшакбаев

Шакшакбаев Вадим өзiнiң спорттық жетiстiктерiмен туған жерi Солтүстiк Қазақстан облысын ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада өз елiн танытқандардың бiрi. Ол 1971 жылы 9 қазанда Петропавл қаласында дүниеге келдi.

Ол мектепте көптеген спорт түрлерiмен айналысып көрдi және тағдыры аңызға айналған әкесi Шамиль Тауфиковичтiң кеңесi бойынша болашақ чемпионның өмiрiнде үлкен рөл атқарған жаттықтырушылар Лия Ивановна мен Петр Алексеевич Чугуновтың секциясына келдi. Вадим жас кезiнен бастап жетiстiктерге қол жеткiзе бастады. Республикалық және Бүкiлодақтық жасөспiрiмдер жарысының жеңiмпазы болды. Вадимнiң қызметтiк тiзiмi мақтанарлықтай, атап айтатын болсақ, халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, КСРО чемпионы, спринтерлiк көпсайыста жастар арасында сегiз дүркiн әлем чемпионы. 1988 жылы Петропавл қаласының №1 орта мектебiн бiтiргеннен кейiн ол Петропавл мемлекеттiк педагогикалық институтының дене тәрбиесi факультетiне оқуға түстi. Ол оқуын сәттi оқып, конькимен жүгiру спортындағы жетiстiктерiн шыңдай түстi. Оқуды бiтiрерден бiр жыл бұрын, 1991 жылы ол КСРО-ның соңғы чемпионатында соңғы рет жеңiске жетiп, Франциядағы қысқы Олимпиада ойындарына дайындала бастады. Дебют керемет болды, ол 500 метрлiк қашықтықта 6 орынды иелендi. Ресей, Америка, Голландия спорт командаларының менеджерлерi оған азаматтығын ауыстыруды және осы елдердiң атынан өнер көрсетудi ұсынды. Әсiресе, көптеген бастамаларға дайындалған ресейлiктер табандылық көрсеттi. Бiрақ патриотизм жеңдi. Вадим халықаралық аренада қазақстандық спортты бекiте отырып, Егемендi Қазақстан үшiн өнер көрсете бастады.

Ол 1995 жылы Әлем Кубогы кезеңiнде жеңiске жетiп, 1996 жылғы Азия ойындарында қола медальға ие болды. Шақшақбаев үш Олимпиада ойындарының қатысушысы. Кеңес Одағының «Советский спорт» орталық спорт газеттерiнiң бiрi «Вадим Шакшакбаев әйгiлi спринтерлердiң бiрi болып табылады, онсыз ондаған тiптi ең керемет жарыстарды елестету мүмкiн емес», деп жазды.

Ол университеттiң спорттық және экономикалық факультеттерiн бiтiрдi. Бiраз уақыттан кейiн ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк қызмет Академиясын бiтiргенi туралы дипломын қорғады (1999-2000 жж.). Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс iстедi. Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда Комитетiнiң төрағасы, Вице-президент лауазымдарын атқарған.

«Kazakhstan Engineering» ҰК» акционерлiк қоғамының Вице- президентi, «Kazakhstan Engineering» ҰК» акционерлiк қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, Вице-президентi қызметтерiн атқарды.