Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақ бойынша онлайн түрiнде облыс чемпионатын өткiзу регламентi

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақ бойынша онлайн түрiнде облыс чемпионатын өткiзу регламентi

1. Мақсаттары мен мiндеттерi

  • Жастар арасында патриоттық сезiмдi дамыту;
  • Ұлттық спорт түрiн танымал ету және дамыту;
  • Салауатты өмiр салтын насихаттау.

2. Өткiзу орны мен мерзiмi

Облыс чемпионаты IgCame center платформасында 2021 жылдың 24-26 ақпан аралығында өткiзiледi.

Жарыс 25 ақпан сағат 10.00-де басталады.

3. Өткiзуге басшылық ету

Дене шынықтыру және спорт басқармасы жарысты өткiзуге жалпы басшылық жасайды.

Жарыстарды тiкелей ұйымдастыру мен өткiзудi бас төрешiлер алқасы жүзеге асырады.

4. Қатысушыларды қабылдау шарттары

Жарыс тоғызқұмалақ республикалық федерациясының ережесi бойынша өткiзiледi. Толығырақ ережелер төрешiлер семинарында талқыланады.

5. Марапаттау

Бiрiншiлiк жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi дипломдар және медальдармен марапатталады.

Бас төрешi: Жансеитов Т.А.

Бас хатшы: Қуандықов Ж.К.

Бұл ереже жарыстарға ресми шақыру болып табылады

Байланыс телефоны

33-32-37 сот. 8-705-443-16-48