Жыл соңында облысымызда екi жаңа спорт нысандары ашылды

Жыл соңында облысымызда екi жаңа спорт нысандары ашылды

Жақында жаңа спорт нысаны Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандада есiгiн айқараашты. Сонымен қатар, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Iргебайұлы Ақсақаловтың қатысуымен Тайынша ауданында жаңа заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенi ашылды. Мұнда спорттың ойын түрлерi волейбол, баскетбол, футзалға арналған кең зал бар. 160 көрермен отыратын орын қарастырылған. Сондай-ақ, ДШСК-де йога, бокс және күрес залдары бар. Спортпен шұғылдану және жаттықтырушылардың жұмысы үшiн жақсыжағдайла ржасалған.

Облыс әкiмiнiң бастамасымен келесi жылы аталған ДШСК-де жабық хоккей кортының құрылысы жоспарланып отыр. Осындай спорт нысандары бiздiң облыстыңтағы бес ауданында салынатын болады. Болашақта ДШСК-мен қатар облыстың барлық аудандарында жабық хоккей корттары салынады. Бұл Солтүстiк Қазақстандағы қысқы спорт түрлерiнiң дамуына септiгiн тигiзедi. Болашақта облыс аудандарында хоккей мен коньки тебу спортын дамыта отырып, жергiлiктi спортшылардан бiздiң кәсiби командаларымызды қалыптастыру мүмкiндiгiне ие боламыз.