Еске алу

Еске алу

Ауыр науқастан кейiн Еңбек және спорт ардагерi Бақыт Қапашқызы Ахметова өмiрден озды.

Ол 1954 жылы 27 маусымда Петропавл қаласында дүниеге келген. Петропавл педагогикалық институтын бiтiргеннен кейiн 1975 жылы "дене тәрбиесi" мамандығы бойынша Жамбыл ауданы Благовещен орта мектебiнде дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi болып жұмыс iстедi. 1986 жылдан 1992 жылға дейiн "Спартак"ЕСБ бөлiм меңгерушiсi болып жұмыс iстедi. 2004 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсанына дейiн ол олимпиадалық резервтi даярлау орталығы директорының орынбасары болып жұмыс iстедi. Содан кейiн тағы төрт жыл-нұсқаушы-әдiскер. Бақыт Қапашқызы өмiрiнiң отыз жылын спорт саласына арнады. Мiнсiз және адал еңбегi үшiн бiрнеше рет марапатталды.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы, өңiрдiң спорт қоғамы еңбек және спорт ардагерi Бақыт Қапашқызы Ахметованың мезгiлсiз қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңiл айтады.