Мамлюткада «Жастар – 2026» облыстық спартакиадасы қорытындыланды

Мамлюткада «Жастар – 2026» облыстық спартакиадасы қорытындыланды

2026 жылғы 6–8 тамыз аралығында Мамлютка қаласында жастар арасында «Жастар - 2026» облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиадаға Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданынан 598 спортшы қатысып, спорттың бес түрі бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, жағажай волейболы, 3×3 баскетбол, шағын футбол, грек-рим күресі және арқан тартудан жарыстар ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған жарыстар барысында жас спортшылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен жеңіске деген жігер танытты.

Командалық есеп қорытындысы бойынша:

1-орын - Мамлют ауданы - 193 ұпай
2-орын - Шал ақын ауданы - 186,5 ұпай
3-орын - Ақжар ауданы - 143,5 ұпай.

«Жастар» облыстық спартакиадасы жыл сайын өткізіліп, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, аудандар арасындағы спорттық байланысты нығайтуға және жастардың спорттық шеберлігін арттыруға бағытталған.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Барлық қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!