Нұрқожа — чемпион!

Нұрқожа — чемпион!

Еркiн күрес шеберi, солтүстiкқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Алматыда өтiп жатқан күрес түрлерiнен Қазақстан бiрiншiлiгiнде чемпион атанды.

Жерлесiмiз 74 килограм салмаққа ендi ғана ауысқанымен, өзiнiң теңдессiз екенiн дәлелдедi. Ол финалдық белдесуде Қызылорда балуаны Қанат Мұсабековтан басым түстi. Есеп 4:0. Қола жүлде Нұрлан Бекжанов пен Дархан Есенғалиға бұйырды.

Бұдан бұрын аталмыш салмақтағы еркiн күрестiң серкесi, екi дүркiн Азия чемпионы, Азия ойындарының күмiс жүлдегерi және Токио Олимпиадасы жолдамасының иегерi Данияр Қайсанов алғашқы айналымнан соң чемпионатты аяқтаған болатын. Қайсановтың турнирден бас тартуына арқасынан алған жарақаты себеп болған.

Бiз ел бiрiншiлiгiнiң чемпионы Нұрқожа Қайпановты жарқын жеңiсiмен құттықтаймыз!

Тағы бiр жерлесiмiз — Сұлтан Бейiсов еркiн күрестен өтiп жатқан Қазақстан чемпионатында 70 килограм салмақ дәрежесiнде үшiншi орынға ие болды.

Бұл салмақта бас жүлде атыраулық Сырбаз Талғаттың еншiсiнде болса, шымкенттiк Нұржан Сейiтжан екiншi орынға ие болды. Ал атыраулық Айдын Тәжiғали мен қарағандылық Ғалымжан Ибадулланы ұтқан солтүстiкқазақстандық Сұлтан Бейiсов қола медальға қол жеткiздi.