Ел чемпионатында топ жарды

Ел чемпионатында топ жарды

Солтүстiкқазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан өткен ел чемпионатында топ жарды. Жерлестерiмiз Қостанай қаласында ұйымдастырылған бiрiншiлiкте 2 алтын және 2 күмiс медаль еншiледi.

109 келiден артық салмақ дәрежесiнде өнер көрсеткен Жанәли Тұяқов және 61 келiге дейiнгi категорияда сынға түскен Александр Шпехт алтыннан алқа тағынып, Қазақстан Республикасының спорт шеберi нормативiн орындады. Ал Денис Полубояринов пен Алина Колиушко жеңiс тұғырының екiншi сатысына көтерiлдi. Айта кетейiк, бұл додада Алина халықаралық дәрежедегi спорт шеберi нормативiн орындады. Қазiргi уақытта құрама  жаттықтырушы Эрик Алибаевтың жетекшiлiгiмен Талдықорғанда бастау алатын  тағы бiр ел чемпионатына дайындалуда.