Жерлес зiлтемiршi әлем чемпионатында топ жарды

Жерлес зiлтемiршi әлем чемпионатында топ жарды

Солтүстiкқазақстандық зiлтемiршi Жанәли Тұяқов  Перуда өткен Әлем кубогында өзге 6 қазақстандық спортшымен бiрге ел намысын қорғады. Тiкелей байланыс арқылы ұйымдастырылған додада  жерлесiмiз жеңiс тұғырының 3-шi сатысына көтерiлдi.

Жанәли Тұяқов үшiн қараша айы оңайға соқпады. Алдымен зiлтемiршi ел бiрiншiлiгiне, араға бiр апта салып жаһандық додаға қатысты. Сайыстарға дайындық әдеттегiдей емес, ерекше режимде өткен екен. Әсiресе, онлайн форматта тiкелей байланыс арқылы ұйымдастырылған әлем кубогында өнер көрсету үшiн бiраз тер төгiптi. Себебi, Қазақстан мен Перу арасындағы уақыт айырмашылығы бақандай 11 сағатты құрайды. Сәйкесiнше жаттығу жиындарының да кестесiн өзгертуге тура келген.

Күнделiктi дайындық пен қатаң дисциплина өз жемiсiн бердi. 102 келiден артық салмақ дәрежесiнде өнер көрсеткен Жанәли Тұяқов жеңiс тұғырының 3-шi сатысына көтерiлдi. Бұл — оның халықаралық додағы дебютi.

Әлем бiрiншiлiгi аяқталысымен Жанәли Тұяқов бiрден Талдықорғанға аттанды. Қазiр спортшы өзге жергiлiктi зiлтемiршiлермен өңiр намысын ел чемпионатында қорғауда.