Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бәйге түрлерінен кубогі өтті

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бәйге түрлерінен кубогі өтті

18 шілде күні Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы «Құлагер» ипподромында Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бәйге түрлерінен кубогі өтті.

Жарыс мерейтойлық іс-шаралар аясындағы маңызды спорттық оқиғалардың біріне айналып, еліміздің әр өңірінен келген шабандоздар мен ұлттық ат спортының жанкүйерлерін бір арнаға тоғыстырды.

Көрермендер 12 000 метрлік аламан бәйге, 7 000 метрлік жорға жарыс, 1 600 метр қашықтықтағы орлов желісті жылқылары және орыс мініс тұқымды жылқылары арасындағы тартысты бәсекенің куәсі болды.

Жарыс жеңімпаздары:

12 000 метрлік аламан бәйге

🥇 Серік Өмір (Астана қаласы) – «Өкжетпес» тұлпарымен – 15:25,4
🥈 Асанұлы Абдурахман (Жамбыл облысы) – «Диана» тұлпарымен – 15:29,7
🥉 Дөлетбай Мейір (Орал қаласы) – «Барыс каска» тұлпарымен – 15:31,2

7 000 метрлік жорға жарыс

🥇 Жайлиев Фархат (Шал ақын ауданы) – «Граф Лок» жорғасымен – 10:56,5
🥈 Советхан Наиля (Шал ақын ауданы) – «Қаратал» жорғасымен – 10:56,9
🥉 Тоқтасынова Әлия (Қызылжар ауданы) – «Экспресс Лок» жорғасымен – 10:57,2

Орлов желісті жылқылары арасындағы жарыс (1 600 метр)

🥇 Ткачук Василий – «Властный» тұлпарымен – 2:12,0
🥈 Скопцов Михаил – «Любовь» тұлпарымен – 2:12,6
🥉 Нұрметов Аваз – «Самурай» тұлпарымен – 2:24,3

Орыс мініс тұқымды жылқылары арасындағы жарыс (4 жас және одан жоғары, 1 600 метр)

🥇 Нұрметов Абдували – «Иквойст» тұлпарымен – 2:06,4
🥈 Скопцов Михаил – «Фабриэль» тұлпарымен – 2:06,9
🥉 Ткачук Василий – «Полтергейст» тұлпарымен – 2:08,5

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал 12 000 метрлік аламан бәйгенің жеңімпазына кубогінің бас жүлдесі – автокөлік табысталды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бәйге түрлерінен кубогі ұлттық ат спортын дамытуға, халқымыздың төл дәстүрлерін дәріптеуге және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды спорттық іс-шаралардың біріне айналды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ барлық қатысушыларды жарқын жеңістерімен және ұлттық спорт мерекесімен құттықтаймыз!